Түркістанда азық-түлік бағасын қымбаттатқан дүкендерге тиісті шара қолданылады

534

Әкімдік өңірде азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 25 сауда орнымен келіссөздер жүргізді.  

Түркістанда азық-түлік бағасын қымбаттатқан дүкендерге тиісті шара қолданылады Фото: aigak.kz

Меморандум бойынша келісімге отырған дүкендер азық-түліктің бастапқы бағасына 15 пайыздан артық үстемақы қоймауы шарт. Бағаның өсуі анықталса, дүкен иесіне әкімшілік шара қолданылады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұдан бөлек азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында орталықта 13 әлеуметтік дүкен және 27 сауда орнында "Әлеуметтік бұрыш" ашылған.

Қазіргі таңда меморандум аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топ бақылау жүргізуде. Жұмысшы топ Түркістан қаласы әкімдігі мен Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлерінен құралған.

Жалпы, Түркістан қаласында барлығы 25 ірі супермаркет, 3 көтерме сауда орны және 187 дүкен жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу