Түркістанда балабақша басшылығы ерекше қажеттілігі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

604

Осы факті бойынша Уәкілдің аймақтағы өкілі Отырар ауданының прокуратурасына ұсыныс жолдады.

Түркістанда балабақша басшылығы ерекше қажеттілігі бар баланы қабылдаудан бас тартқан Фото: freepik.com

Түркістан облысындағы балабақша басшылығы ерекше қажеттілігі бар баланы мекемеге қабылдаудан бас тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі ерекше баланың құқығын қорғауға көмектескен.

Даун синдромына шалдыққан бүлдіршіннің анасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне шағымданды.

Оның сөзіне қарағанда, ұлын Түркістан облысы Отырар ауданындағы балабақшаның инклюзивті тобына қабылдамай жатыр. Мектепке дейінгі мекеме басшылығы инклюзивті топтың психикалық дамуы тежелген балаларға арналғанын алға тартып, одан бас тартқан.

Осы факті бойынша Уәкілдің аймақтағы өкілі Отырар ауданының прокуратурасына ұсыныс жолдады.

Прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде бүлдіршін балабақшаға қабылданды.

Осылайша оның құқығы қорғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу