Кішкентай пациенттердің ота алдында қорқынышын болдырмас үшін "Сен қаһарман батыр боласың" деп, танымал фильмнің кейіпкері – "Бэтменнің" киімін кигізіп, аналары ота залына өздері ертіп кіргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.
"Бұл әдісті облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері University Medical Center-де ота ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық симпозиумына қатысып, жақсы тәжірибе жинақтап, өз жұмыстарына енгізді. Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген балалар отаға көтеріңкі көңіл-күймен кіріп жатыр. Бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізген, ол жақсы нәтиже беріп жатыр", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.