Түркістанда балаларға әлімжеттік көрсеткен ер адам ұсталды

966

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Түркістанда балаларға әлімжеттік көрсеткен ер адам ұсталды Фото: видео скриншот

Түркістан облысының полиция департаменті жас балаларды тепкен ер адамның қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысы ПД бастығы істі жеке бақылауына алды

"Түркістан облысында жасөспірімдерге қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталуда", - делінген хабарламада. 

Істің тергелуі Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауында. 

Елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсету тыйылар емес. Бүгін әлеуметтік желіде ер адамның кішкентай балаларға дауыс көтеріп, теуіп жатқан видеосы тарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу