Түркістанда балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр

552

Бұл мақсатта 2023-2025 жылдары жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітілді. 

Түркістанда балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отыр Фото: aikyn.kz

Түркістан өңіріндегі елдімекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту, полигондардың сапасын арттыру жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары бақылауға алынады, деп жазады inbusiness.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде 2023-2025 жылдары жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітіліп, жолданған болатын. 2023 жылға бекітілген 6640 тонна тауарлы балық өндіру бойынша аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жоспар жасалып, орындау үшін жолданды. Бүгінде бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, саланы дамыту үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев.

Ақпаратқа сәйкес, Түркістан қаласы мен Сауран ауданында қала айналасынан "Жасыл белдеу" құруға жер телімдерін бөлу мәселесі бойынша алдағы уақытта нақты шешім қабылданбақ.

Бүгінде Түркістандағы "жасыл белдеу" аумағы 13 629 гектарды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу