Түркістанда бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алатын мешіт ашылды

3553

Мешіт ішінде медресе-колледж шәкірттеріне арналған 29 сынып бар. 

Түркістанда бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алатын мешіт ашылды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында сәулеті ерекше мешіт пен Ислам орталығы ашылды. Діни орталықтың ашылу рәсіміне жер-жерден 10 мыңға жуық халық жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құлшылық үйінің ашылу салтанатына Түркиядан келген мәртебелі мейман Нежметтин Ердоған Біләл мен Шешенстан Республикасы басшысының кеңесшісі Амруддин Эдилгерев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан мүфтиі Османхан қажы Әлімов пен Қырғызстан мүфтиі Мақсатбек қажы Тоқтамушов, Қазақстанның бұрынғы мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы мен ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, өзге де дін қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және жамағат қатысты. Құран аятымен ашылған салтанатты шарада сөз алған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз әрбір адам өмірінде мешіттің алар орны туралы насихат айтты.

Бас мүфти шетелден келген қонақтарға алғыс айтып, мешітті салып берген азаматтарға ерекше ілтипаты мен жылы лебізін білдірді.

Айта кетсек, Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығында бір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Мешіт ішінде медресе-колледж шәкірттеріне арналған 29 сынып бар. Орталықта 600 бала дәріс тыңдай алады. 69 жатын орынды қамтыған орталықта 1000 адамға арналған асхана салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу