Түркістанда бір жасар бала даладағы әжетханаға түсіп кетті

180

Оқиға Түркістан қаласы Талас көшесінде орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістанда бір жасар бала даладағы әжетханаға түсіп кетті Фото: Түркістан ТЖД

Құтқару жұмыстарына Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының 1-МӨСБ бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Қуанышбек Руслан Бердалыұлы тікелей қатысты. Ол бүлдіршінді құтқару үшін тар әжетхананың ішіне түскен. 

Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен бір жасар баланы алып шығып жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу