Түркістанда бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді

949

Түркістанда бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді

Оңтүстіктегі қасиетті Түркістан шаһарында бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді, деп хабарлайды 24.kz.

Жыл сайын халық саны артып келе жатқан Шорнақ ауылында емхана іске қосылды. Медициналық мекеме күніне 100 адам қабылдауға қауқарлы. Жедел құрылыс нәтижесінде ауылда екі қабатты ғимарат пайда болды. Онда қазір 51 бөлме және күндізгі бөлім үшін 8 төсек-орны орналастырылған. Заманауи құрылғылар да бар. Жүйнек ауылдық округіндегі тұрғындар үшін де қуанышты күн болды. Мұнда 120 бүлдіршінге арналған балабақша ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу