Түркістанда бірқатар елдімекеннің аулалары мен көшелерін су басты

655

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Түркістанда бірқатар елдімекеннің аулалары мен көшелерін су басты

Түркістан облысында бірқатар елдімекеннің аулалары мен көшелері су астында қалды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 2 ақпан күні сағат 08:00-ден бастап су деңгейі көтерілген. Салдарынан Кентау және Түркістан қалаларындағы, Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарындағы аула аумақтары мен көшелері су астында қалды. 

"Қазіргі таңда Кентау қаласы мен Бәйдібек ауданындағы судың деңгейі төмен түсіп, ешқандай елдімекендерге қауіп жоқ. Тек Сауран ауданында ғана судың елдімекенге қауіп төндіріп тұрғаны байқалады. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, су басқан үйлер жоқ. Зардап шеккендер де жоқ. Жергілікті атқарушы органдар және ТЖД жеке құрамының күштік құрылымы суды қауіпсіз аймаққа айдау және суды сору жұмыстарын  жүргізіп жатыр", - деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Төтенше жағдай департаментінен 56 құтқарушы, 10 бірлік техника, 20 мотопомпа жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу