Түркістанда биыл 1300-ге жуық пәтер беріледі

692

Облыс орталығындағы Рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Түркістанда биыл 1300-ге жуық пәтер беріледі

Түркістан қаласында бүгінгі таңда Әкімшілік-іскерлік орталығында 7 қабатты 24 тұрғын үйдің   құрылысын аяқтау биылғы жылдың қараша айына жоспарлануда. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мәлімдеді.

Сонымен қатар, Әкімшілік-іскерлік орталықтан 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Сондай-ақ, 7 қабатты 15 тұрғын үйдің бірінші қабатын қалау, 9 қабатты 5 тұрғын үйдің іргетасын құю жұмыстары жүруде. Аталған үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған.

"Өткен жылы құрылысы басталған Б.Саттарханов даңғылы бойындағы "Желілік саябақ", "Аттракциондар саябағы", "Оқушылар сарайы", "Конгресс орталығы", "Жабық бассейні бар спорт сарайы", "Орталық стадион" және "Қ.А.Ясауи мұражайы", "Драматеатр" ғимараттары ағымдағы жылы ел игілігіне берілетін болады", – деді қала әкімі.

Бұдан өзге, облыс орталығындағы Рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ "Тұңғыш Президент саябағы", "Қ.А.Ясауи" кесенесі аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1 және 2 кезең бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу