Түркістанда биыл 15 нысанның құрылысы аяқталады

844

Ең алдымен Тұңғыш Президент саябағы, орталық аллея, Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталады.

Түркістанда биыл 15 нысанның құрылысы аяқталады

Елбасының Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес 2020 жылға өтпелі нысандардың құрылысы мамыр-қыркүйек айларында толық аяқталып, ел игілігіне беріледі, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Ең алдымен Тұңғыш Президент саябағы,  орталық аллея, Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталады.

Бой көтерген басқармалар ғимараты, департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, стадион, цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, қалалық саябақ, драма театр, ғылыми-әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі орталығы, Қ.А.Яссауи мұражайын биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, әкімшілік-іскерлік орталығында 7 инженерлік инфрақұрылым нысандарының  (су, кәріз, электр, газ, жылу, жол және абаттандыру) құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, "Rixos Turkestan", "Hampton by Hilton", "Нұр-әлем" қонақ үйлері мен "Әкімшілік ғимаратын қонақ үй етіп қайта құру", "Караван Сарай" және 5000 орындық мешіттің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлық құрылыс алаңдарында санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу