Түркістанда биыл әлемде теңдесі жоқ туристік кешен ашылады

733

Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде.  

Түркістанда биыл әлемде теңдесі жоқ туристік кешен ашылады

Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында жүріп жатқан әкімшілік, әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бақылады, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Түркістан қаласындағы басқармалар ғимараты мен драма театрының, Қожа Ахмет Ясауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарында болды. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалған нысандарда ішкі әрлеу, техника мен жиһаз орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында "Sembol construction" түрік компаниясы қолға алған "Керуен-сарай" көпбейінді туристік кешен құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құны 39 млрд теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу