Қоғамдық пікірлерді ескерген Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Абай Құнанбаевтың туған күнімен тұспа-тұс жоспарлаған яркокросс фестивалін өткізуді тоқтатты.
"Құрметті түркістандықтар! Сүйікті қаламызға жанашырлықпен қарап, әрбір бастамаға белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Ал 10 тамызға жоспарланған "Яркокросс" фестивалі тоқтатылып, орнына жалпықалалық марафон мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өткізіледі",– делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Айта кетсек, бұл фестивальді өткізуге қарсылық білдіргендер, әкімнен оны тоқтатуды талап еткен болатын.
"Рашид Аюпов тез арада мына буддистік жахандық сананы бояу акциясын тоқтатсын!!! Бұл таза діни сипаттағы акция... жас сананы эмоция арқылы балқыту.. қазір қызық, сосын шыжық болады.. Кезінде Финляндия Венгрияда Германияда кең дәріптелді. Сосын ұйымға айналып "жас жігер" фестивалі болды. Артынша Иога будда санасы ретінде әйгілі діни жамағатқа айналды",– деп жазған еді әлеуметтік желіде теолог маман Досай Кенжетай. Оның пікірін қолдаушылар қарасы да көп болды.