Түркістанда бүйрегін 13 млн-ға сатпақ болған тұрғын рақымшылықпен босатылды

96

Істі қаладағы ауданаралық сот қарады.  

Түркістанда бүйрегін 13 млн-ға сатпақ болған тұрғын рақымшылықпен босатылды Фото: gemotest.ru

Түркістан қаласында өз ағзасын сатуға оқталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып, рақымшылық актісі негізінде тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы 2025 жылдың ақпан айында бүйрегін сату мақсатында әлеуметтік желіде хабарландыру жариялаған.

Кейін ол ішкі істер органдарының жедел қызметкерімен кездесіп, ағзасын 13 миллион теңгеге сатуға келіскен. Келісім бойынша 5 миллион теңгені қолма-қол алу сәтінде ұсталған. Аталған әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 116-бабының 1-бөлігі (тірі адамның ағзаларына қатысты заңсыз мәміле жасау) бойынша сараланған.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, бұл қадамға ақшадан тарыққан соң барғанын айтты. Жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.

Сот қылмыстың ауырлығы орташа санатқа жататынын және нақты зиян келтірілмегенін ескерді.

Сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң нормаларын қолданып, 2026 жылғы 5 ақпанда айыпталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс жүргізуді тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу