Өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығы Түркістанда қызғалдақтың 3 түрінен 300 мыңнан астам түп отырғызылған еді. Қазіргі таңда жапырақ жайып, толық гүлдеген қызғалдақ қаланың көркін аша түскен, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Алқызыл гүлдер қаладағы Алматы алаңына және Б.Саттарханов даңғылы мен Әмір Темір, Тыныштықұлов көшелерінің бойы мен Қожа Ахмет Ясауи мешітінің маңайына отырғызылған.
Сондай-ақ, сәуір-мамыр айларында қалаға 350 000 түп сәндік декоративті гүл түрлерін отырғызу жоспарланып отыр.
Қосымша қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, қаладағы мекемелердің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері өз үлестерін қосып, ағаш отырғызуға атсалысуда.