Түркістанда Чехия-Қазақстан бизнес-форумы өтті

415

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістанда Чехия-Қазақстан бизнес-форумы өтті Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Түркістанда Қазақстан мен Чехияның мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Чех-Қазақстан бизнес-форумы өтті.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірге инвестиция тарту бағытындағы жұмыстардың болашағына сенім білдіріп, "Облыста жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу, ет пен сүт өндіруді дамыту, сондай-ақ тоқыма өнеркәсібі мен былғары өндіруге инвестиция салудың тиімділігі зор" – деді.

Бизнес-форумда Чехия Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборный ондағы ірі кәсіпорындар, экспортқа шығаратын өнімдер туралы кеңінен әңгімелеп, Чехияның өндірістік мүмкіндіктеріне тоқталды.  

"Kazakh Invest" ҰК" АҚ өңірлік директоры Максат Жолдасбеков өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы таныстырылым өткізді. Ал Чехияның жауапты министрлік өкілдері баяндама жасады.

Іскерлік басқосуға Чехияның 40-тан астам компаниясы мен Қазақстанның бизнес саласынан 200-дей азамат қатысты. Айта кетейік, 2018 жылдан бастап Түркістан облысына 6 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, Түркістан облысы мен Чехия мемлекеті арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 2 млн. АҚШ долларын құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу