Түркістанда діни әдебиеттерді заңсыз сату дерегі анықталды

542

Дүкен сатушысынан 30 діни кітап тәркіленді.

Түркістанда діни әдебиеттерді заңсыз сату дерегі анықталды Фото: polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының полицейлері облыс орталығында орналасқан сауда орнының бірінде діни сипаттағы кітаптарды заңсыз сату жайтын анықтады. 

Тексеру кезінде дүкен сатушысының сату үшін тиісті рұқсаты жоқ екені белгілі болды. Тәртіп сақшылары одан 30-дан астам діни кітапты тәркілеп, сараптамаға жіберді. 

Аталған жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу