15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті өтеді.
Осыған орай 6-15 мамыр аралығында қала аумағында дрон ұшыруға шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қала аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын уәкілетті органдардың рұқсатынсыз пайдалануға қатаң тыйым салынады", – делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері дрондарды заңсыз қолдану әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу