Түркістанда ел естімеген сұмдыққа барған 3 ағайынды жігіт сотталды

Сот үкімімен олар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақыны бірлесіп төлейтін болады.

Түркістанда ел естімеген сұмдыққа барған 3 ағайынды жігіт сотталды Фото: gov.kz

Түркістан облысының Келес аудандық сотында 24 жастағы ақыл-есі кем жігітке зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 3 бауырға үкім шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот ағайындылардың әрқайсысына 9 жыл бас бостандығын айыру жазасын тағайындаған.

Іс материалдарынан даму деңгейі небәрі 4 жастағы баланың деңгейіне сәйкес келетін жас жігіттің бірнеше жыл бойы өз немере ағалары мен көршілерінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырап келгені белгілі болды.

Жәбірленушінің анасы қылмысқа 6 адамның қатысы бар екенін айтады. Бірақ, сотта тек үш ересек немере бауыры ғана жауапқа тартылған.

Екі бауыр бірнеше рет топ болып зорлау дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары), ал үшіншісі топ болып зорлау және ұрлық (Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы; 188-бап) бойынша кінәлі деп танылған.

Адвокаттың сөзінше, жәбірленушінің анасы үкімге қанағаттанғанымен, жазаның тым жеңіл екенін айтқан. Жазаны күшейту мәселесі анасының алдағы шешіміне байланысты.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің отбасы ауыл тұрғындарының қысымына ұшыраған. Олар 20 жылдан аса уақыт бойы осы елді мекенде тұрады. Мұнда шаруашылықпен айналысады және табыс көзінен айырылып қалмау үшін қалаға көшкісі келмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу