Түркістанда ер адам кезек күтіп тұрғанда ашуға булығып, дәрігерді пышақтап тастаған

667

Пышақ жүрек тұсына тиіп, абырой болғанда дәрігер аман қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты otyrar порталына сілтеме жасап.

Түркістанда ер адам кезек күтіп тұрғанда ашуға булығып, дәрігерді пышақтап тастаған Фото: canva.com

"Кеуде қуысына келген жарақат кісі өліміне алып келуі мүмкін, себебі кез келген мүшені, тамырды зақымдауы ықтимал. Жарақат жүрек тұсында болған, сондықтан ота жасай алдық. Қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деді Сайрам аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Абдулхамид Әбдікуширов.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен іс қозғалды. Полиция 27 жастағы ер адамды ұстады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – дейді Түркістан облысы тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Сейдалиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу