Түркістанда ер адамды 2,7 млн теңге шығынға батырып тонағандар ұсталды

437

Олардың басқа да қылмыстарға қатысы мен оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр.

Түркістанда ер адамды 2,7 млн теңге шығынға батырып тонағандар ұсталды Фото: gov.kz

Түркістандық полицейлер тұрғынды тонап, ақшасы мен телефондарын тартып алған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Келес аудандық ПБ-не брокер болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызданған. Ер адам өзін түнде белгісіз біреулер ұрып-соғып, ішінде 360 мың теңге, 2000 АҚШ доллары және 57000 рубль, сондай-ақ Iphone екі телефоны болған барсеткасын тонап кеткенін хабарлады.

Шығын - 2,7 млн теңге.

ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша тіркелді.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 6 күдікті ұсталды. Олар Келес ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілерден заттай дәлел ретінде екі ұялы телефон мен ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар күдіктілердің екеуі Келес ауданындағы кеден бекеті аймағында жұмыс істейтіні, олар жүк көліктерінің жүргізушілері мен брокерлерді бопсалаумен айналысқаны анықталды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер ПБ-ге жеткізілді. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы мен оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу