Түркістанда футболдан суперкубок ойындары жанкүйерсіз өтеді

1242

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған "Turkistan arena" стадионында 2-6 наурыз күндері аралығында Қазақстанның футболдан суперкубок ойындары өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Түркістанда футболдан суперкубок ойындары жанкүйерсіз өтеді

Әрбір матчты көрермендер "Qazsport" телеарнасынан, әлеуметтік желілерден, Түркістан қаласындағы лед-экрандардан тікелей эфирде тамашалай алатын болады. Ойындарға барлық штаб мүшелері мен футболшылар, ұйымдастырушылар ПТР тестінің оң қорытындыларымен ғана қатысады.

"Облыс орталығындағы жаңадан ашылған стадионда мұндай республикалық деңгейдегі жарыстың өтіп жатқандығы көңіл қуантады. Стадионда футболшылар үшін барлық жағдай жасалған. Ұйымдастыру алқасы доданың жоғары деңгейде өтуіне күш салатын болады. Орталық стадионда 2 наурыз күні жартылай финалда "Шахтер" – "Астана" командалары кездессе, 3 наурыз күні "Тобыл" мен "Қайрат" бақ сынайды. Ал 5 наурыз күні 3-орын үшін ойын өтсе, 6 наурызда финалдық кездесу болады. Барлық командаларға сәттілік тілеймін", - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, брифингке қатыстқан облыстық бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов Түркістан қаласында футболдан ел суперкубогын өткізу тәртібі бойынша қабылданған қаулымен таныстырды.

"Қаулыға сәйкес, штабтың барлық мүшелері, команда ойыншылары, спортшылар, БАҚ өкілдері және суперкубоктың басқа да қатысушылары ПТР тестін суперкубок басталғанға дейін 3 тәулік ішінде тапсыру қажет. Суперкубоктың барлық қатысушылары қол алысудан немесе тікелей басқа адамдармен байланысу түрлерінен аулақ болуы керек. Жарыс күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өтетін болады", - деді Нұрбек Садықбекұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу