Түркістанда газдан жарылыс болды

538

Апаттан 4 адам зардап шекті. 

Түркістанда газдан жарылыс болды Фото: "ҚазТрансГаз Аймақ" баспасөз қызметі

Түркістан қаласында, Яссы шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде газ шығып, жарылыс болды. Нәтижесінде бір отбасының 4 мүшесін күйік шалып, олар ауруханаға жатқызылды. Қазір жарылыстың нақты қандай газ түрінен болғаны анықталуда. Бұл жерде ескеретіні, үйде редукторы зақымданған 25 литрлік газ баллоны табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚазТрансГаз Аймақ" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2022 жылғы 23 қарашадағы берілген техникалық шарттарға сәйкес, үйде "Газмонтаж Нур" ЖШС жеке мердігерлік ұйымы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі таңда филиал тұтынушыны газ желісіне қоспаған, өйткені тұтынушы газ желісіне қосу қызметі үшін әлі ақша төлемеген. Яғни тұтынушының газ желісіне өздігінен қосылғаны анықталды.

Оқиға орнында ТЖД мамандары мен газ қызметкерлері жұмыс істейді, сараптамалық іс-шаралар жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу