Түркістанда халықаралық музейлер күні аталып өтті

462

Түркістандағы "Ұлы Дала Елі" орталығында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай "Ашық есік күні" және "Музей түні" акциясы аясында "Ұлы істердің ұйытқысы – Ұлы Дала Елі орталығы" атты мерекелік кеш өтті. 

Түркістанда халықаралық музейлер күні аталып өтті Фото: gov.kz

Аталмыш шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, музей қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

– Әр мемлекеттің өркендеуіне, жалпы өркениеттің дамуына музейдің ықпалы зор. Музей – мәдениет пен тарихтың айнасы, өткен мен келешектің тоғысуы. Елдің рухани және материалдық байлығы. Қазіргі таңда Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты облыстағы 24 музейде 190 мыңдай экспонат бар. Өңірімізде осы салада игі істер атқарылып, ауқымды шаралар жоспарланған. Осынау айтулы күнде еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді Бейсен Дәулетұлы.

Шара барысында Түркістан қаласы мен Сауран ауданының өнерпаздары ән шырқап, би биледі. Таңнан бастау алған түрлі шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Атап айтсақ, облыстық "Farab" кітапханасы еліміздегі музейлер, ескерткіштер, тарихи нысандар жайлы кітаптардан "Музей – тарих пен тағылымның ордасы" атты жылжымалы көрме ұйымдастырып, Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар музей қонақтарына тылсым талантының қуатымен тарихты тірілтіп жүрген таңдаулы қолөнершілерінің бірі Абай Рысбаев арнайы шеберлік сағатын өткізді.

Атаулы мерекеге орай орталық қызметкерлері кешке келген барлық көрерменге бауырсақ үйлестіріп, дәм ұсынды.

Жастардың музейге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен "Музей түні" акциясын облыстық "Жастар ресурстық орталығының" өнерпаздары қорытындылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу