Түркістанда халыққа ыңғайлы тегін жағажай ашылды

798

Жағажай қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталып, құтқарушылар тұрақты кезекшілік етеді.  

Түркістанда халыққа ыңғайлы тегін жағажай ашылды Фото: gov.kz

Түркістан қаласында тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалуына арналған жаңа коммуналдық жағажай пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Халыққа тегін қызмет көрсететін жағажай барлық қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған. Мұнда құтқару бекеті, алғашқы медициналық көмек көрсету орны, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету пункті, киім ауыстыратын орындар, санитарлық тораптар және қоқыс жәшіктері орнатылған. Демалушылардың қауіпсіздігін кәсіби құтқарушылар қамтамасыз етеді.

Жағажайдың ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен тұрғындар қатысты. Іс-шара барысында судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тек рұқсат етілген жағажайларда шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас күйде суға түспеуге және құтқарушылардың талаптарын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу