Түркістанда индустрияландыру аясында 15 жоба іске асырылады

1350

Киелі өңір инвестициялық климатты жақсартуға көңіл бөлуде. 

 Түркістанда индустрияландыру аясында 15 жоба іске асырылады

Былтыр Түркістан облысында Индустрияландыру картасы аясында 10 жоба іске асырылып, 800-ден аса жұмыс орны ашылған. Ал биыл жалпы құны 11,9 млрд теңгені құрайтын 15 жобаны жүзеге асыру  жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдындағы жылдық есеп беру жиынында мәлімдеді. 
Өңір инвестициялық климатты жақсартуға көп көңіл бөлуде.  Бұл ретте, президент Жарлығымен Түркістан қаласында "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. 
"Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында "Оңтүстік" аймақтық инвестициялық орталығы 2018 жылы 6 млрд теңгеге 1 292 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 1 403 жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында 4,5 млрд теңге бөлініп, 456 жоба қолдау тапты. Былтыр облысқа 288,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Инвесторларға "бір терезе" қағидатымен қызмет көрсететін "TURKISTAN INVEST" компаниясы құрылып,  қазір 1 млрд 147 млн АҚШ долларын құрайтын 24 ірі инвестициялық жоба қолдау табуда. Сондай-ақ, Түркістанда алғашқы рет "Көне Түркістан – жаңа мүмкіндіктер" атты халықаралық инвестициялық және туристік Форум өтті. Атқарылған шаралардың нәтижесінде жеке инвестиция көлемі 166 млрд теңгеге жетіп, өсім 114,2 пайызды құрады", – деді Жансейіт Түймебаев. 
Деректерге сүйенсек, 2018 жылы Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 103,9 млрд теңгені құраған. Аталған көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға көп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу