Түркістанда инвестиция көлемі 5 млн АҚШ долларын құрайтын жаңа кәсіпорын ашылмақ

168

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров түркиялық "KAR-TEM" компаниясының директоры Исмаил Сонмезбен кездесті. 

Түркістанда инвестиция көлемі 5 млн АҚШ долларын құрайтын жаңа кәсіпорын ашылмақ Фото: gov.kz

Кездесу барысында тараптар облыс аумағындағы Өндірістік паркте мұзды ерітетін тұз түйіршіктерін өндіретін жаңа кәсіпорын ашу жобасын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"KAR-TEM" компаниясы жоғары деңгейдегі гибридті кристалға негізделген түйіршіктерді өндіреді. Бұл түйіршіктер кальций және магний хлоридімен байытылған және өте төмен температурада, яғни -30°C-тан -40°C-қа дейін мұзды тез еріту қасиетіне ие. Экологиялық таза және экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылатын бұл өнімдер қыста жолдарды, алаңдарды, аяқжолдарды және басқа да инфрақұрылымдарды қауіпсіз әрі жылдам тазартуға мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 5 миллион АҚШ долларын құрайды. Жаңа кәсіпорынды 2025 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Жоба іске қосылғанда 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу