Түркістанда қарттар күні аталып өтті

2153

Өңірде 59 екінші дүниежүзілік соғыс ардагері,  9,5 мыңнан астам тың еңбеккері өмір сүріп жатыр.

Түркістанда қарттар күні аталып өтті

Түркістан облысында 170 мыңға жуық зейнеткер тұрады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Халықаралық қарттар күніне" арналған салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен облыстық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов және "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, қазыналы  қарияларды  мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында жас ұрпаққа өзінің өнегелі еңбек жолымен үлгі болып жүрген екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және облысқа еңбегі сіңген бірқатар еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері облыс әкімі мен облыс мәслихатының, облыстық ардагерлер кеңесінің алғысхаттарымен марапатталды.

Сонымен қоса, облыс әкімінің атынан 10 ардагерге "Сарыағаш" шипажайына жолдама тапсырылды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Бүгінгі таңда ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 446-ға жуық 80 жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына үстемеақы төленеді. Бүгінгі таңда мемлекетпен кепілдендірілген төлемдер көлемі жыл сайын көтерілуде, облыстық және жергілікті бюджеттер қаржы есебінен де түрлі әлеуметтік қолдаулар ұйымдастырылып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу