Түркістанда қару ұрлаған әскеридің сыбайластары ұсталды

950

Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінің кіші сержанты А.Балғынбай кезекшілікті өз бетімен тастап шығып, бірнеше қару-жарақты ұрлап кеткен болатын.    

Түркістанда қару ұрлаған әскеридің сыбайластары ұсталды

Түркістан облысында әскери бөлімнен бірнеше қару ұрлаған әскери қызметші Абылай Балғынбайдың екі сыбайласы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, Түркістан облысының әскери бөлімінен қару алып кеткен әскери қызметші Абылай Балғынбайды және оның екі сыбайласы – азаматтық тұлғаларды ҚР ІІМ және ҰҚК-нің бірлескен жедел-тергеу тобы ұстады.

"Тінту кезінде олардан ұрланған қару тәркіленді. Тергеу сотының санкциясымен ұсталғандар қамауға алынды. Сонымен қатар, жекелеген лауазымды адамдардың, оның ішінде әскери бөлім басшылығының қызметтік міндеттерге немқұрайлы қарағаны үшін жауапкершілігі туралы мәселе қарастырылуда. Тергеу жалғасуда", – делінген мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу