Түркістанда қаза тапқан бес адам Жаңақорған ауданына жерленді

1036

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын арнайы комиссия шұғыл брифинг өткізіп, алғашқы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  

Түркістанда қаза тапқан бес адам Жаңақорған ауданына жерленді

Жергілікті билік өкілдері қайғы жамылған жанұяға жан-жақты көмек көрсетіліп, демеушілер тарапынан 7 млн теңге көлемінде материалдық көмек беріліетіндігін жеткізді. Белгілі болғандай, облыстық мемлекеттік қызметшілер көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударуға ниет білдірген.

"Орын алған қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс ашылып, алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде, жауапты тұлғалардың кінәсі анықталатын болса, заң аясында жауапкершілікке тартылады. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов және басқа да қала өкілдері жерлеу рәсіміне қатысты. Жерлеуге байланысты және басқа да материалдық шығындар толықтай өтелетін болады. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан қайғылы жағдайға ұшыраған отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі", – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.

Оқиға орнына төтенше жағдай, полиция, газға жауапты қызметкерлерімен тексеру жүргізілген. Тексеру барысында үйдің 3 бөлмеден тұратыны, онда камин түріндегі пеш (Иран пеші) орнатылғаны анықталған.

"Пешті мұқият тексеру барысында орнатылған пешке гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарылған. Сыртқы жағынан гофрленген розетка 5-7 см ғана құрайды, осылайша қатты желдің әсерінен пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп улы газ бөлме ішіне тарауына әкеп соғуы мүмкін", – деді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу