Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оқыс оқиға қала аумағында жаңадан салынған үйлердің бірінде болған. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифт кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Ал бірінші қабаттағы лифтінің есігін ашқан 74 жастағы әйел төменге құлап кеткен.
"Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылған болатын. Ал зардап шегушінің есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатыр", деді Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу