Түркістанда "Қолөнер қалашығы" мен жаңа ипподром салынып жатыр

156

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа туристік орындар мен шипажайлар құрылысы туралы айтып берді.

Түркістанда "Қолөнер қалашығы" мен жаңа ипподром салынып жатыр Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жыл басынан бері Түркістан облысында туризм саласына 63 млрд теңге инвестиция бағытталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімнің айтуынша, облыстың туристік әлеуеті жыл сайын артып келеді. Өңірде туризм саласының 3 негізгі бағыты айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. 

"Жыл басынан бері облысқа 400 мыңнан астам турист келді. Табиғи аумақтарға – 124 мың адам, шипажайға – 135 мың адам, қонақ үйлерге – 210 мың адам барған. Сонымен қатар, "Әзірет Сұлтан", "Отырар" қорық-музейі секілді тарихи орындарға 810 мың адам саяхаттаған",  деді Д. Сатыбалды Орталық коммуникациялар қызметінде.

Әкімнің мәліметінше, туризм саласына жыл басынан бері 63 млрд теңге инвестиция бағытталды. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну үшін ірі жобалар қолға алынды.

"Түркістан қаласында 2,5 гектар аумақта "Қолөнер қалашығы" және 99 гектар жерге "Ипподром" салынуда. Жыл сайын елді мекендегі емдік-сауықтыру ұйымдарының саны өсуде. 2023-2025 жылдар аралығында 7,5 млрд теңгені құрайтын 6 емдік-сауықтыру ұйымы салынады",  деді Дархан Сатыбалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу