Түркістанда Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырғандар саны 53-ке жетті

376

Биыл Қырым геморрагиялық қызбасы аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай отыр.

Түркістанда Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырғандар саны 53-ке жетті Фото: gov.kz

Түркістан облысында 53 адам Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

"Жаз басталысымен өңір бойынша Конго-Қырым қанды қызбасын жұқтырған 53 науқас тіркелген. Облыс аумағы Конго-Қырым қанды қызбасының эпидемиологиялық қолайсыз және эндемиялық табиғи ошағы болғандықтан, жыл сайын медицина қызметкерлері тарапынан дер кезінде толық эпидемиологиялық анамнез жинау, диагностикалау жұмыстарының сапасыз жүргізілуі салдарынан науқастар арасында өлім жағдайлары тіркелді", - деді Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу