Түркістанда көпсалалы медициналық орталықтың қазығы қағылды

1070

Аурухананың капсуласын қалауға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.  

Түркістанда көпсалалы медициналық орталықтың қазығы қағылды

Түркістан қаласында бой көтергелі отырған облыстық 630 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жобаны 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында "YDA Holding" түрік инвесторы жүзеге асыратын болады. Нысанның құны - 100  млрд теңгеге жуық, 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

Жалпы аумағы 16 гектар жерді алатын көпсалалы ауруханада диагностикалық кеңес көрсетуден бастап нейрохирургия, урология, жарақат, қатерлі ісік аурулары сынды медициналық көмек көрсететін бөлімдер жұмыс істейді.

Бұған қоса, заманауи медициналық құрал жабдықтармен толық қамтылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу