Түркістан қаласында "ақылды" бейнекамералар орнатылды. Олар қаладағы көлік қозғалысы мен аулаларды бақылайтын болады, деп хабарлайды otyrar.kz.
Камераның артықшылығы күдік тудырған азаматтардың жеке басын анықтап, автоматты түрде базаға тіркей алады. Қазіргі таңда Түркістан көшелерінде осындай 77 камера орнатылған. Жыл соңына дейін олардың санын 500-ге жеткізу көзделген.
Бұдан бөлек, облыс орталығында "Сергек" камералары да орнатылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу