Бірақ сотталушы үкіммен келіспейді.
Соттың соңғы отырысына балалардың әкесі келмеді.
Еске сала кетейік, Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныптың мұғалімі болып істеген 31 жастағы келіншек 7 ақпан күні күйеуіне ренжіп, Түркістан қаласына келеді.
Қаладан пәтер жалдап, өзінің туған күнінде 3 және 4 жастағы балаларын жастықпен кезек-кезек тұншықтырып өлтіріп, қашып кеткен. Қылмысқа барғанын құрбысына телефонмен айтқан.
Әйел екінші күн дегенде Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінен ұсталды.
Психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша әйелдің ақыл-есінің дұрыстығы белгілі болды.
Осылайша, алқабилердің шешімі бойынша Бота Хамитқызы 15 жылға сотталды.