Түркістанда құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады

106

Жоба өңірдің агроөнеркәсіптік дамуы мен Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда зор рөл атқаратын болады.

Түркістанда құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады Фото: gov.kz

Келес ауданында 51 гектар аумақта жылына 25 мың тоннаға дейін қызанақ өндіруге арналған "Ecoculture-Eurasia" өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаның инвестициялық көлемі 42 млрд теңге. Қазіргі уақытта 40 гектарда жылыжай блоктарының металл құрылымдары орнатылып, ішкі және сыртқы желілер жүргізілді, қазандық және қосалқы отын қоймасы салынды. Сегіз жылыжай блогының төртеуі қазірдің өзінде іске қосылған.

Сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық кешен және қоймалар құрылысы жүргізілуде.

"Ecoculture-Eurasia" серіктестігінің негізін қалаушы Алмас Дәуітовтың айтуынша, жобаны толық іске қосқаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны ашылады, кешен заманауи нидерландтық жабдықтармен қамтамасыз етіледі, ал жылыжайлардың аумағы кезең-кезеңімен 500 гектарға дейін ұлғайтылады.

Кешенді іске қосу 2027 жылдың көктеміне жоспарланған.

Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан облысындағы жылыжайлардың жалпы ауданы 75 гектарға өсіп, 1715 гектарды құрады. Осы жылы 150 мың тоннадан астам көкөніс, 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон және 13 мың тонна құлпынай өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу