Түркістанда марқұмның туысынан ақша талап етті делінген морг тексеріледі

159

Марқұмның інісі әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, оқиғаның қалай өрбігенін айтты.

Түркістанда марқұмның туысынан ақша талап етті делінген морг тексеріледі Фото: canva

Түркістан облысында марқұмның туысынан ақша талап етті деген ақпаратқа байланысты морг қызметіне тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада тұрғын ағасының мәйітін Отырар ауданының Шәуілдір ауылына жеткізе алмай отырғанын және патология-анатомиялық бюро қызметкері одан 35 мың теңге сұрағанын айтқан.

Оқиғаға байланысты Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы ресми мәлімдеме жасады.

"Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ішкі қызметтік тексеру жүргізілуде. Нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – делінген басқарманың хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу