Түркістанда мектеп мұғалімі адам өлтірді деген күдікке ілінді

1142

Бір-бірімен таныс тоғыз жігіт ит таластырған. Күдіктінің иті жеңіліп қалған соң ол 29 жастағы танысымен ерегісіп қалған.

Түркістанда мектеп мұғалімі адам өлтірді деген күдікке ілінді

Түркістан облысы Түркістан қалалық мамандандырылған ауданаралық соты ит таластыру кезінде танысын шолақ мылтықпен атып өлтірген 30 жастағы Некрасов мектебінің мұғалімін екі айға қамауға алу туралы санкция шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Әбдуәлі Қосмұратовтың айтуынша, оқиға Түркістан қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Бір-бірімен таныс тоғыз жігіт ит таластырған. Күдіктінің иті жеңіліп қалған соң ол 29 жастағы танысымен ерегісіп қалған.

Танысы мұғалімнің басын балтамен ұрып, көлігінің терезесін сындырады. Ашуланып үйінен шолақ мылтық алып шыққан күдікті жігіттің көкірек тұсынан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу