Түркістанда мемлекет қаржысын жымқырған шенеуніктер сотталды

1344

Олар спортқа бөлінген ақшаны жымқырған.

Түркістанда мемлекет қаржысын жымқырған шенеуніктер сотталды

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Сотта Полат Қырықбаев, Мұрат Пернебаева, Бахыт Оспанова, Ғани Әшірбеков жауап берді. Оларға қызмет бабын пайдалып, аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру үшін қылмыстық топ құрды және оған басшылық жасады деген айып тағылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылы дене шынықтыру және спорт басқармасына жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін қомақты қаржы бөлінген. Басқарма басшылары мен қызметкерлер жағдайды пайдаланып, қаражатты бөлу туралы бұйрық берген. Олар ақшаны қолына алғаннан кейін оның басым бөлігін өздері иемденген. Салдарынан спорттық іс-шаралар қысқарған немесе мүлдем өтпеген. 

Мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 70 млн теңгеден асқан.

Сот барысында қылмыстық топ құру айыбы дәлелденген жоқ. 

"Спорт және туризм басқармасының бұрынғы басшысы Полат Қырықбаев пен оның орынбасары Бақыт Оспанованың айыбы абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соқтырған немқұрайлылық айыбына ауыстырылды (Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі). Сот үкімімен Қырықбаевтың бас бостандығы 2 жылға шектелді. Ал Оспановаға 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Мұрат Пернебаев пен Ғани Әшірбековтың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айрылды", – деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу