Түркістанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында студенттер жатақханасы салынбақ

533

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бірқатар нысандар бойынша мердігерлер мен инвесторларды қабылдады.  

Түркістанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында студенттер жатақханасы салынбақ Фото: aigak.kz

Кездесуде құрылыс компаниясы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бөлімінің өкілдері, жоба менеджері Игілік Махмутовтың ұсыныстары тыңдалды, деп жазады inbusiness.kz.

"BI Group" холдингінің өкілдері облыс әкіміне колледждің студенттеріне арналған 1000 орындық жатақхананың жобасын таныстырды.

Инвестор жатақхананы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салуды ұсынып отыр. Жатақханада асхана, жаттығу залы, демалыс бөлмесі және жатын бөлмелері болады. Замануаи құрал-жабдықтармен қамтылады. Студенттердің жан-жақты дамуына толық жағдай жасалады. Аталған жоба да толық зерделеніп, алдағы уақытта тиісті шешім қабылданады.

Кездесуде ескек есу каналы құрылысының қорытынды кезеңдерін жүзеге асыру жолдары, Түркістандағы "Түркістан Арена" стадионының жасыл алаңына жаңа талаптарға сай жылыту жүйесін жүргізу мәселесі сараланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу