Түркістанда мүгедектерге қайыр сұратып, адам саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды

184

Аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Түркістанда мүгедектерге қайыр сұратып, адам саудасымен айналысқан тұрғын ұсталды Фото: rbc.ua

Түркістан облысында адам саудасымен айналысып, мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлеген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыскерді адам саудасы үшін 400 мың теңге алып жатқан жерінде қолға түсірген.

"Ш., есімді азамат 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сатып жатқан жерінде ұсталып, қамауға алынды", – делінген хабарламада. 

Облыстың тағы он тұрғынының адам саудасына қатысы бар-жоғы тексерілмек. Тергеу егжей-тегжейлері жарияланбады, қазір тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу