Түркістанда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталады

643

Конкурсқа өтінім беру уақыты – 25 сәуір мен 2 мамыр аралығы.

Түркістанда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталады Фото: egov

Түркістан қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Отбасы банк" АҚ сілтеме жасап.

Конкурсқа барлығы 13 көппәтерлі үйден 33 пәтер қатысады. Шаршы метрінің бағасы – 180 мың теңге. Оған Түркістан облысы бойынша әкімдікте үй кезегінде тұрған банк салымшылары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10 пайызы болуы керек. Ал қарыз алу үшін өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20 пайызы болуы шарт.

Өтініштер Отбасы банкінің сайты арқылы қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу