Түркістанда өтетін ТүркПА Кеңесінің Х пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды

700

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанда өтетін ТүркПА Кеңесінің Х пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды Фото: parlam.kz

Кездесу барысында ТүркПА-ның мерейтойлық X пленарлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.

Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумы биылғы жылдың 27-28 қыркүйегінде Түркістан қаласында өтеді. ТүркПА Кеңесінің Х пленарлық отырысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің басшылары қатысады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент өкілдерінің алдағы кездесуі туралы айтып, X пленарлық сессияның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, бұл депутаттарға алғашқы онжылдықтағы жұмысының қорытындысын шығарып қана қоймай, қазіргі заманның өзекті мәселелерін ескеретін және одан әрі ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын толық ауқымды талқылауға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Айта кетсек, түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы бүгінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Парламент өкілдерін қамтиды. Венгрия 2014 жылы осы парламенттік ұйымда бақылаушы мәртебесін алды. ТүркПА-ның мерейтойлық Х пленарлық отырысына Өзбекстанның Парламент өкілдері де шақырылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу