Түркістанда өтетін Ұлттық құрылтайдың екінші отырысына орай іс-шаралар өтіп жатыр

578

Солардың бірі - "Мәдениет. Өнер. Руханият" секциясы. 

 Түркістанда өтетін Ұлттық құрылтайдың екінші отырысына орай іс-шаралар өтіп жатыр Фото: Хабар 24

Кездесуде депутаттар, жазушылар, журналистер, мәдениет және спорт қайраткерлері, этномәдени орталықтардың басшылары, оқытушылар мен сарапшылар сөз сөйледі. Секция модераторы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов болды.

2 сағаттан астам уақытқа созылған кездесуде қоғамдағы өнер мен зиялы қауымның рөлі, жастар арасында нашақорлық пен жаман әдеттерге қарсы күрес, спортты, оның ішінде ұлттық спортты дәріптеу, діни экстремизмге қарсы күрес, ұлттық идеологиялық доктринаны әзірлеу, ономастика мәселелері, өңірлердегі шығармашылық ортаны дамыту және таланттарды қолдау, отандық мәдениетті дамыту және тарату, кино, қазақстандық жастардың азаматтық белсенділігі сынды тақырыптар көтерілді.

Бұл ретте сөз тек баяндамашыларға ғана емес, іс-шара қонақтарына да берілді. Кез келген адам микрофон алып, өз ойын жеткізе алды.

"Азаматтық белсенділік танытып, отандық мәдениет пен спортқа бей-жай қарамағандарыңыз үшін баршаңызға рахмет. Кездесуде шын мәнінде маңызды мәселелер қозғалды және көптеген бағыттар бойынша біз нәтижелерге қол жеткіздік. Нақты айтқанда, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту үшін спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына біліктілігі үшін үстемеақы енгізілді. Ал ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және мүмкіндігінше көп қатысушыларды қамту үшін көкпардан ел чемпионаты форматын өзгертеді. Бұл ретте қатысушы құрамаларға өз инфрақұрылымының, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер командаларының болуы міндетті болады. Өңірлерде мәдениет нысандарының құрылысы жүріп жатыр, бірқатар шығармашылық оқу орындарына музыкалық аспаптарды сатып алуға және басқа да қажеттіліктерге қаражат бөлінді. Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен артып келеді. Біз бұдан да маңызды нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін", — деді ҚР Мәдениет және спорт министрі.

Сондай-ақ, Асхат Оралов осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу