Мердігер компания басшыларымен кездесіп, тапсырмалар жүктеді. Құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға басты назар аударуды ескертті.
Облыстық полиция департаменті ғимараттары кешенінің құрылысы қыркүйек айында басталған. Келер жылы пайдалануға берілмек. 4 қабатты ғимараттың ауданы – 15 365 м2. Құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы №5 әкімшілік ғимаратының құрылысы (ДГД) да қарқынды. Ғимараттың жалпы ауданы – 8843,82 м2. Бүгінгі таңға шатыры жабылған, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті мен өрт сөңдіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің ғимараты 3 мың шаршы метр. 3 қабатты ғимараттың іргетасы қаланып, қабырғасы көтерілген.