Жергілікті биліктің сөзінше, баспаналар мен нысан иелеріне жерлердің мемлекет мұқтаждығына орай алынатыны жөнінде ескерту берілген. Ол туралы сот шешімдері де шығып қойған. Алайда құрылысқа қыруар қаржы жұмсаған кәсіпкерлер сауда нысандарын бұзғысы жоқ. Сондықтан құрылысқа жауапты мамандар қарсылық танытқан нысан иелерімен келіссөз жүргізіп жатыр.
Олардың сөзінше, жері мемлекет тарапына өткен тұрғындарға заңға сәкес өтемақы төленеді. Яғни, жердің әр соттығына 518 мың теңгеден өтемақы беріледі. Сонымен қатар, ауласындағы жеміс ағаштары мен баспанасының сапасына қарай тағы да қосымша қаржы бөлінеді. Осылайша сүрілген нысандардың орнына туристер аялдайтын жаңа 7 нысан салынады.