Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесі аумағында ислам бағы негізінде салынған бақта 200 түп сакура ағашы отырғызылған. Бүгінде көптің назарын аудартқан ағаш бүр жарып, гүлдеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұдан өзге бұл бақта әлемде сирек кездесетін мыңға жуық жасыл желек егілген. Олардың қатарында Германиядан арнайы әкелінген сәндік жеміс ағаштары мен күлгін түсті күл ағашы, катальпа, долана, каштан, терек, тұт ағашы, үйеңкі, раушан гүлі мен қызғалдақ түрлері бар. Бақты баптаушылардың айтуынша, 7,7 гектар аумақты алып жатқан ботаникалық бақта ерекше сортты шие ағашы жақын күндері гүлдейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу