Түркістанда сауда орындары қала сыртына көшіріледі

930

Сол үшін қала сыртынан 50 гектар жер телімі белгіленді.

Түркістанда сауда орындары қала сыртына көшіріледі

Түркістан қаласының аумағында жалпы 9 базар, 8 сауда қатары бар. Оның ішінде, 5 – әмбебап, 3 – азық-түлік, 2 –көкөніс және 7 – азық-түлік емес тауарларды сататын базарлар мен сауда қатарлары бар. Оларда 6 мыңға жуық сауда орны бар. Жалпы сауда алаңы – 214971,2 м2 құрайды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қаланың сәулеті мен құрылыс жоспарларына сәйкес, сауда жүйесінің басым бөлігі модернизациялауды қажет етеді. Бүгінгі таңда қолданыстағы сауда алаңдары мен базарларды және сауда нүктелерін бір жүйеге келтіру мақсатында қала сыртынан құрылыс материалдарын, киім-кешек, азық-түлік тауарларын саудалайтын базарлар үшін 50 гектар жер телімі белгіленген. Оның ішінде, 17 га – Қызылорда бағытынан, 15 га – Кентау бағытынан, 18 га – Шәуілдір бағытында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу