Түркістанда сенбілікке мыңнан астам адам қатысты

211

Бүгінгі күнге дейін киелі шаһарда акция аясында 100-ден аса іс-шара өтіп, қаланың ажары ашыла түскен.  

Түркістанда сенбілікке мыңнан астам адам қатысты Фото: gov.kz

Елімізде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғалы Түркістан қаласында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақ елінің ғана емес, күллі түркі дүниесінің рухани астанасына айналған қаланың туристік әлеуетін арттыруда бұл жұмыстардың да тигізер әсері орасан. Бүгінгі тазалық жұмыстарына 1 мыңнан астам адам, 18 техника жұмылдырылды. Ауқымды сенбілік шарасына қаладағы 18 мекеменің қызметкерлері мен қала тұрғындары атсалысты. Олар шаһардың 10-нан аса аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Айта кетейік, науқан басталғалы бері қала аумағындағы орталық маңызы бар көшелердегі кәсіпкерлік нысандар мен қасбеттерін реттеу бойынша қалалық әкімдіктің 14 мекемесіне 32 көше бекітіліп, мердігер мекемелерді ұйымдастыру арқылы тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 3 839 нысан сараланып, жөндеуді қажет ететін 1 562 нысан анықталған. 

Қазіргі таңда оның барлығы ретке келтірілген. Сондай-ақ көпқабатты үйлердің қасбеттері мен аулалары және суару жүйелері қайта жаңартылды. Көпқабатты үйлер алдына жаңадан 297 дана қоқыс жәшігі орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу